QazBilim желіде батыр мұғалімге қарыздар
Әлеуметтік желіде ұлт тағдырын талқылап министрлікті сынаудан шаршамайтын QazBilim басшылығы өз мектебінде мұғалімдерге жалақы мен еңбек демалысының ақшасын бермей отыр.
Тамыздың ортасы болды ұстаздар әлі күнге дейін отпускной көрмеген. Жалақы да кешігіп жатыр. Хабарлассаң жауап жоқ чаттарда үнсіздік.
Ақысын сұраған мұғалімге бірде бар бірде жоқ деп жалтарады. Кейбірі ашық айтуға қорқады арқасында қолдайтын адамдары көп дейді.
Сонда қалай Желідегі ұраншыл сөз тек халыққа арналған спектакль ме Өз ұжымындағы мұғалімнің маңдай терін төлемей отырып ұлт қамын айтқаннан не пайда
Мұғалім пиардың құралы емес. Ұстазға қарызын өтемеген адам ұлт болашағы жайлы сөйлейтін ең соңғы адам болуы керек.