Образование

Президент стипендиясы: қай салаға басымдық берілді

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығымен биылғы Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалды.

Құжатқа сәйкес, стипендиялар мемлекеттік органдар арасында келесідей бөлінді:

Ғылым және жоғары білім министрлігі:

— студенттерге — 1014 стипендия;
— магистранттарға — 5 стипендия.

Мәдениет және ақпарат министрлігі:

— студенттерге — 17 стипендия;
— магистранттарға — 1 стипендия.

Денсаулық сақтау министрлігі:

— студенттерге — 4 стипендия;
— магистранттарға — 1 стипендия.

Ауыл шаруашылығы министрлігі:

— студенттерге — 45 стипендия;
— магистранттарға — 1 стипендия.

Осылайша, биыл барлығы 1080 студент пен 8 магистрантқа стипендия тағайындалды. 

Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы студенттерге оқудың 3-курсы, ал магистранттарға 2-оқу жылы кезеңінен бастап беріледі.

Бұйрық 2025 жылғы 1 тамызда күшіне енеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *