Образование

Қазақ тіліндегі балалар әдебиеті цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақ тіліндегі балалар әдебиеті цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

— Қазіргі уақытта электрондық кітапхананы құру жұмыстары «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» базасындағы «Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы» (бұдан әрі – «ҚазҰЭК») ақпараттық жүйесі шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Онда цифрлық форматқа аударылған отандық басылымдар (сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар мен мерзімді басылымдар) жинақталған. Бұл электронды кітапхана құжаттарды жинау, жүйелеу, каталогтау жұмыстарын жүргізеді, сол арқылы цифрлық мұрағатты қалыптастырады. Бұл ретте «ҚазҰЭК» ақпараттық жүйесі қазақ тіліндегі балалар әдебиетін цифрлық форматтауды жүргізеді, — деді Олжас Бектенов жауабында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *