Образование

Елімізде тамыз айында өтетін ҰБТ басталды

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Министрлік мәліметінше, тестілеуге қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды.

— ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ға жуығы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Өткізудің бірінші күні 2,2 мың адам ҰБТ тапсырады, — делінген хабарламада.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатысады.

ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды жоо-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *