Президент елорданың мектеп оқушыларын марапаттады
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізген дарынды оқушылармен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Президент қабылдауында елордалық Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы, Халықаралық математика олимпиадасының (IMO 2025) күміс жүлдегері Марғұлан Шарел, осы мектептің 12-сынып оқушысы, Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO 2025) қола жүлдегері Әмір Пішенбаев, сондай-ақ NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO 2025) қола жүлдегері Нұргүл Егембергенова болды.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы жас зияткерлерді жеңістерімен құттықтап, әрбір жетістік олардың жеке еңбегін ғана емес, бүкіл елдің абыройын арттыратынын атап өтті.
Президент оларға жаңа белестер мен зор табыс тіледі. Өз кезегінде жас таланттар Қазақстанның дамуына үлес қосатын азамат болуға уәде берді.