Астанада ЖОО-ға білім грантына құжат қабылдау басталды
Елордада 7-11 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавр бойынша ЖОО-ға құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурсқа қатысу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі бағыттар бойынша өтініш береді.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
- Физика мұғалімдерін даярлау;
- Психология.
А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
- Педагогика және психология;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.
Астана халықаралық университеті:
- Педагогика және психология;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
- Физика мұғалімдерін даярлау;
- Математика мұғалімдерін даярлау;
- Информатика мұғалімдерін даярлау;
- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
- Психология.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
- Математика мұғалімдерін даярлау;
- Физика мұғалімдерін даярлау.
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
- Математика мұғалімдерін даярлау
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
- Педагогика және психология;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- Психология;
- Арнайы педагогтарды даярлау;
- дефектолог;
- логопед;
- олигофренопедагог;
- тифлопедагог;
- сурдопедагог.
Резидентураға құжаттар тапсыру уақыты 18-20 тамыз аралығында өтеді
Астана медицина университеті (резидентура):
- Ересектер мен балалардың анестезиологиясы мен реаниматологиясы;
- Ересектер мен балалардың офтальмологиясы;
- Отбасылық медицина;
- Неонатология;
- Ересектер мен балалардың шұғыл медицинасы;
- Ересектер мен балалардың психиатриясы;
- Ересектер мен балалардың жақ сүйек-бет хирургиясы;
- Патологиялық анатомия.
Фото: Астана әкімдігі