Образование

Ұстаз – ұлттың мақтанышы

Бұл туралы Білім саласының қызметкерлерінің облыстық ардагерлер кеңесінің төрайымы Мәдениет Ахметова өзінің парақшасында жазды.

Жаңа оқу жылына дайындық шулы тамыз жиындары еліміздің әр өңірінде ерекше толқуымен өтіп жатыр. Бұл — білім саласының мықты негізін қалыптастыратын маңызы зор мезет.

Соңғы кездесуде білім саласының қызметкерлеріне арналған ресми кездесуде, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Абай облысының әкімі Б. Уәлиге деген өтініші кеңінен жүрекке жетті:

«Ұстаздарды өздеріне тән емес жұмыстарға тартпаңыз — оларға шынайы құрмет көрсетіңіз!»

Бұл — ұстаздардың мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды үндеу. Әр әкімдік бұл сөзді рухани бағдар ретінде қабылдай отырып, ұстаздарды қолдауға әзір болуын тілеймін.

Ұлы Абай бабамыз айтқандай:

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан».

Биылғы 180 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан хакім Абай ұстаздықты ұлықтап, оның қоғамдағы орны мен маңызын ұрпақ тәрбиесі деңгейімен теңестірген.

Ұстазға қолдау — елге қолдау

Ұстазға құрмет — болашаққа құрмет

Ұстазға сенім — ұрпаққа сенім

Жаңа оқу жылында ұстаздарымыз әділдік, шынайы құрмет және жанашырлық күтеді. Ұстаз аты әрдайым ардақты болуға тиіс!

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *